Среда, 08.05.2024, 23:00
Приветствую Вас Гость | RSS

Коммунальное государственное учреждение «Житикаринская районная централизованная библиотечная система» государственного учреждения «Отдел культуры и развития языков акимата Житикаринского района»

Меню сайта
Наш опрос
1. Казахский общественный и политический деятель. В Казахстане почитается как «Ұлт ұстазы».
Всего ответов: 3
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2023 » Январь » 31 » Акция
21:18
Акция

     «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық  Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.
     Акцияның мақсаты ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу жіне насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай ақ жастарға рухани адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарлатуына мүмкіндік туғызады.
     2023 жылы «Бір ел бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.
     Жітіқара аудандық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында  танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы шығармаларына ақпарат парағын оқырман назарына ұсынып отыр
     Қалың оқырмандарға да әдеби ортағада кеңінен танымал. Оның талантының ерекше екендігіне оның тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін, жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер Төкен жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлары бойынша кинолар түсірілді. Бұл туындылардың бәрі де көпшілік көңілдерінен шығып, ел құрметіне бөленді.
     Т. Әбдікұлының шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.
Шығармалары:

Әбдікұлы, Т. Парасат майданы [Мәтін] : повесть / Төлен Әбдікұлы. Астана: Фолиант, 2009. – 88 б. 2.
Әбдікұлы, Т. Әке [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. Алматы: Қайнар, 2006.- 384 б. 3.
Әбдікұлы, Т. Оң қол [Мәтін] : повесттер мен әңгімелер / Төлен Әбдікұлы. – Алматы: Атамұра, 2002. – 352 б. 4.
Әбдікұлы, Т. Таңдамалы роман және повесттер [Мәтін] / Төлен Әбдікұлы. – Алматы: Жазушы, 1991. – 512 б. 5. Өлара [Мәтін] : роман / Төлен Әбдікұлы. – Алматы: Күзгі жапырақтар [Мәтін] : повесттер / Төлен Әбдікұлы. – Алматы: Жазушы, 1971. – 160 б.

Просмотров: 126 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Календарь
«  Январь 2023  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Copyright MyCorp © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz